Еуропада сұрапыл дауыл басталды

Фотография - Еуропада сұрапыл дауыл басталды

Голландия қалаларының тұрғындарына желдің жылдамдығы дүйсенбі күні таңертең сағатына 130 шақырым болатыны ескертілді, деп хабарлайды «Telegraaf» жергілікті басылымы

173 0

Голландия қалаларының тұрғындарына желдің жылдамдығы дүйсенбі күні таңертең сағатына 130 шақырым болатыны ескертілді, деп хабарлайды «Telegraaf» жергілікті басылымы. Дауыл ағаштарды құлатып, үйлердің қаптама плиткаларын ұшырып әкетуі мүмкін, сондықтан да автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге ешқайда шықпай, үйде отыруға немесе қауіпсіз жол маршруттарын ойластыруға кеңес берілді, деп мәлімдейді YTPO.ru.

Нидерланды тұрғындары сұрапыл дауылмен бетпе-бет келуге дайындылап жатқанда, Ұлыбританияда алғашқы зардап шегушілер пайда болды. Жергілікті құтқарушылар жексенбі күні 14 жасар жасөспірімді іздеу жұмыстарын бастады. Ол Нью-Хейвеннен қашық емес жерде серфингпен айналысып жатқан кезінде жоғалып кетті. «Әулие Иуда» дауылы жақындағанда теңіз бетінде түзілген қатты толқындар баланы суға алып кеткен. Құтқарушылар оның тірі қалуы екіталай екенін айтады.

Нидерланды мен Британияда бірқатар паром желілерініңжұмысы тоқтатылды, барлық төтенше қызмет күшейтілген режимге ауысты. Әуе компаниялары рейстердің тоқтатылуы мен кешігуіне байланысты жолаушылардан кешірім сұрады.

1987 жылы сұрапыл дауыл Еуропаға дәл осы қазан айында келген еді. Онда желдің күші сағатына 192 шақырымға жетіп, ағаштар құлап, мыңдаған адам жарықсыз қалды. 22 адам қаза тапқан болатын.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!