Ауғанстанда автобустағы жарылыстан 18 адам өлді

Фотография - Ауғанстанда автобустағы жарылыстан 18 адам өлді

Ауғанстанның оңтүстік-шығысында жексенбіде бейбіт тұрғындар мінген автобуста болған жарылыс салдарынан 18 адам қаза тапқан

261 0


Ауғанстанның оңтүстік-шығысында жексенбіде бейбіт тұрғындар мінген автобуста болған жарылыс салдарынан 18 адам қаза тапқан.

Шағын автобус Газни уәлаятының Андар ауданында жолаушылар алып келе жатқан. Уәлаят басшысының орынбасары Мұхаммед Әли Ахмадидің айтуынша, құрбан болғандар арасында 14 әйел мен бір бала және үш ер кісі бар. Бес адам жараланған.

Жарылысты кім жасағаны және ұйымдастырғаны әзірге белгісіз.

Бұған дейін де осындай жарылыстар "Талибан" бақылайтын Андар ауданында болған еді, оған исламшыл содырлар айыпты деп танылған - деп хабарлады  azattyq.org

Ауғанстандағы НАТО басқаратын халықаралық қауіпсіздікті сақтау күштері жексенбі күнгі шабуылды айыптап мәлімдеме жасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!