Бакуде сайлау нәтижесіне қарсылық шеруі өтті

Фотография - Бакуде сайлау нәтижесіне қарсылық шеруі өтті

Шеруге жетекшілік еткендердің бірі, оппозициядан басты үміткер болып 6 пайыздан аз дауыс алған Джамиль Хасанлы дауыс беру нәтижелерін "жалған әрі заңсыз" деп атады

213 0

Әзербайжан астанасы Бакуде жексенбіде оппозицияның мыңдаған жақтасы қазан айында өткен президент сайлауының қорытындыларына наразылық танытып, шеру өткізді. 9 қазанда өткен сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, президент Ильхам Әлиев 85 пайыз жинап бес жыл мерзімге үшінші рет қайта сайланған еді. Сайлау қорытындысын халықаралық бақылаушылар сынға алған.

Шеруге жетекшілік еткендердің бірі, оппозициядан басты үміткер болып 6 пайыздан аз дауыс алған Джамиль Хасанлы дауыс беру нәтижелерін "жалған әрі заңсыз" деп атады.

Шеруге қатысушылар бұған қоса биліктен саяси себеппен сотталды делінген тұтқындарды босатуды, тәуелсіз ақпарат құралдарына қысымды тоқтатуды талап етті.

Бакудің құқық орындарының хабарлауынша, демонстрацияға "тек мыңға таяу ғана адам қатысқан". Рұқсат етілген митингі бейбіт түрде өткен.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!