Майкл Джексонның дәрігері түрмеден шықты

Фотография - Майкл Джексонның дәрігері түрмеден шықты

Майкл Джексонның жеке дәрігері мерзімінен бұрын түрмеден шықты. Ол екі жыл бұрын әйгілі әншіні қасақана өлтіргені үшін сотталған болатын

185 0

Майкл Джексонның жеке дәрігері мерзімінен бұрын түрмеден шықты. Ол екі жыл бұрын әйгілі әншіні қасақана өлтіргені үшін сотталған болатын.

Конрад Мюррей Лос-Анджелестегі түрмеден бүгін таңертең шықты. Сотталушының мерзімінен бұрын босатылуына Калифорния заңнамасы мүмкіндік жасаған, яғни, бұл заңнамада оның әр күні екі күнге есептелген. Сонымен қатар, Конрад өзін тәртіпті ұстауы мерзімінің қысқаруына септігін тигізген - деп хабарлады  baq.kz

Естеріңізде болса, 2011 жылы қараша айында сот дәрігерді 4 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Тергеу кезінде Мюррейдің Майкл Джексонға қатты әсер ететін пропофол препаратын шамадан тыс көп салғанын анықтаған. Алайда, дәрігер өзін кінәлімін деп санамайды. Оның адвокаттарының айтуынша, әнші препаратты Мюррейдің ұсынысымен емес, өз еркімен қабылдаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!