Путин: Сочи гейлерді қабылдай алады

Фотография - Путин: Сочи гейлерді қабылдай алады

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, елде гомосексуализмді насихаттауға тыйым салынғанына қарамастан Сочиде өтетін қысқы олимпиада кезінде гомосексуал спортшылар мен жанкүйерлер өздерін еркін сезіне алады.

135 0

Сочиде Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен кездескен Путин "кез-келген этникалық, нәсілдік топ пен жыныстық бағыты өзге атлеттер, жанкүйерлер мен қонақтар олимпиадада өздерін еркін сезіне алатындай барлық жағдай жасаймыз" деді.

Осы жылдың басныда Ресейде кәмелетке толмағандар арасында гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заң қабылданған еді. Заң батыс елдерінің сынына ұшырап, кейбір халықаралық ұйымдар Сочи олимпиадасына байкот жариялауға шақырған.

Сочидегі олимпиада ойындары келесі жылдың 7 ақпаны мен 23 ақпаны аралығында өтеді.

Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!