АҚШ Грузияны президент сайлауымен құттықтады

Фотография - АҚШ Грузияны президент сайлауымен құттықтады

АҚШ Грузияны президент сайлауын бейбіт түрде өткізуімен құттықтап, "дауыс беру грузин халқының еркін білдіреді" деп атады

155 0

АҚШ Грузияны президент сайлауын бейбіт түрде өткізуімен құттықтап, "дауыс беру грузин халқының еркін білдіреді" деп атады.

"АҚШ ЕҚЫҰ бақылаушыларының Грузиядағы сайлау ашық және конструктивті жағдайда өтті деген бағасымен келіседі" делінген мемлекеттік департамент таратқан мәлімдемеде.

Бұған қоса мәлімдемеде АҚШ-тың халықаралық бақылаушылардың "жергілікті деңгейдегі дауыс беру кезінде саяи қысым көрсетілді" деген сынын да ескеретіні айтылған. Вашингтон Грузия үкіметін дауыстарды толық санап, "сайлау кезіндегі кез-келген заң бұзушылықты заңға сай реттеуге" шақырды.

АҚШ мемлекеттік департаменті Грузияның барлық саяси күштерін саяси тұрақтылық пен азаматтық қоғамды нығайтуға жұмыс істеуге шақырған.

Грузияда 27 қазанда президент сайлауы өткен еді. Орталық сайлау комиссиясы берілген дауыстарды түгелге жуық санап, премьер-министр Бидзина Иванишвилидің жақтасы Георгий Маргвелашвилидің 62 пайыз дауыспен жеңіске жеткенін хабарлады. Оның басты қарсыласы - президент Михаил Саакашвилидің серігі Давид Бакрадзе 22 пайыз дауыс жинаған.

Сайлау қорытындысы жария болған соң өткізген баспасөз жиынында Маргвелашвили Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға дайын екенін мәлімдеген.

Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 17 қарашада өтпек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!