Түркия ірі теміржол тоннелін іске қосады

Фотография - Түркия ірі теміржол тоннелін іске қосады

Бүгін Түркияда Стамбулдың еуропалық және азиялық бөлігін жалғайтын "Мармарай" теміржол тоннелі ашылмақ.

199 0

Бүгін Түркияда Стамбулдың еуропалық және азиялық бөлігін жалғайтын "Мармарай" теміржол тоннелі ашылмақ.

Тоннельдің ұзындығы 13,6 километрді құрайды. Оның 1,4 километрі Стамбулды екіге бөліп, Қара теңіз бен Мәрмәр теңізін жалғап тұрған Босфор бұғазының астымен жүргізілген. 55 метр тереңдікте салынған бұл нысан әлемдегі ең терең жерасты тоннелі саналады.

Түркия үкіметінің болжамынша, тоннель арқылы күніне 1,5 миллион адам тасымалданып, Стамбулдағы көлік қозғалысын біршама жеңілдетпек.

Жаңа теміржол тоннелі премьер-министр Режеп Тайып Ердоған үкіметі жүзеге асырып жатқан ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың біріне жатады. Тоннель құрылысы 2004 жылы басталған.

Стамбулда мұндай тонель салу идеясы осыдан 150 жыл бұрын көтерілген еді.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!