Брюс Лидің жеке заттары ауционға қойылмақ

Фотография - Брюс Лидің жеке заттары ауционға қойылмақ

Белгілі актер Брюс Ли (1940-1973) шығармашылығына табынушыларға бүгін аукционнан оның жеке заттарын, сондай-ақ аңызға айналған актердің жаттықтыру кезінде қолданған спорт бұйымдарын алудың мүмкіндігі туды

374 0

Белгілі актер Брюс Ли (1940-1973) шығармашылығына табынушыларға бүгін аукционнан оның жеке заттарын, сондай-ақ аңызға айналған актердің жаттықтыру кезінде қолданған спорт бұйымдарын алудың мүмкіндігі туды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

АҚШ-тағы Нейт Сандерстің аукциондық үйі сауда-саттыққа 26 лот - киім, аяқ киім, хаттар, фотосуреттер және актердің спорт жабдықтарын ұсынады. Аукцион онлайн-режимде және жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де аяқталады (Мәскеу уақыты бойынша сағат 04:00-де).

Лоттар арасында актердің қоңыр замш костюмі бар, Брюс Ли оны "Белгісіз сұхбат" деректі фильміне (Bruce Lee: The Lost Interview, 1994) киіп түскен еді.

Сауда-саттыққа, сондай-ақ боксқа арналған былғары қолғап, бірнеше сыңар спорт аяқ киімі, қоңыр былғарыдан жасалған жазғы аяқ киімдер ұсынылған. Табынушылар, сонымен бірге гантельдер, боксқа арналған «Атлас» ауыр жастығы, шомбал былғары білезігі бар «Таймекс» қол сағатын, ағаш қолсабы бар ақ түсті секіргішті және көптеген басқа заттарды ала алады.

Лоттардың бағасы 500 доллардан бастап 72 мың доллар көлемінде саудаға түседі.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!