Жасанды аралда әлемдегі ең ірі мешіт бой көтереді

Фотография - Жасанды аралда әлемдегі ең ірі мешіт бой көтереді

Әзірбайжан елінің астанасындағы жасанды аралда жаңа мешіт тұрғызылатын болды. Ол әлемдегі мұсылман қауымының ең үлкен құлшылық үйі болмақ.

260 0

Әзірбайжан елінің астанасындағы жасанды аралда жаңа мешіт тұрғызылатын болды. Ол әлемдегі мұсылман қауымының ең үлкен құлшылық үйі болмақ.

Мәліметтерге қарағанда, Каспий теңізінің 78 жасанды аралын қамтитын Бакин бухтасында Khazar Islands («Хазар аралы») деп аталатын тұтас бір қала тұрғызылатын көрінеді. Жасанды аралдардың арасын 150 көпір жалғап тұрады. Қазіргі уақытта қала құрылысының төрттен бір бөлігі аяқталып қалды. Тіпті, аралдағы пәтерлердің сатылып жатқанын, олардың 213-і өз қожайындарын «тапқанын» айта кету керек.

Бұған қоса, жоғарыда айтқанымыздай, аралда әлемдегі ең ірі мешіт салынатын болады.

Өзгеше жобаның құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған болатын. Аталмыш жоба 100 млрд долларға бағаланған. Хазар аралының жалпы ауданы, барлық коммуникациясын қоса есептегенде, 24 км²-ді құрайды. Бұл аралдағы қала инфрақұрылымы 19 ықшам аудан, 50 шақырымға созылған бульвар, автокөлік жолы және т.б. қамтитын болады. Өзгеше қаланың алғашқы тұрғыны 2014 жылы аралға аяқ басатыны айтылған. Жалпы құрылысы 2023 жылы аяқталатыны жоспарланған.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!