Мәскеудегі Ка-52 ұшағының апаты бойынша іс қозғалды

Фотография - Мәскеудегі Ка-52 ұшағының апаты бойынша іс қозғалды

Кеше Мәскеудің оңтүстік-шығысында Ка-52 тікұшағы апатты болғаннан кейін қауіпсіздік ережелері бұзылғандығы жөнінде іс қозғалды

230 0

Кеше Мәскеудің оңтүстік-шығысында Ка-52 тікұшағы апатты болғаннан кейін қауіпсіздік ережелері бұзылғандығы жөнінде іс қозғалды.

Қозғалған қылмыстық іс «Қозғалыс қауіпсіздігі және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу салдарынан ірі көлемде залал келтіру» бабы бойынша «Аллигатор» Ка-52 тікұшағының апаттық қонуы фактісіне негізделіп отыр.

Шетелдік БАҚ мәліметіне қарағанда, әуе көлігінің меншік иесі Қорғаныс министрлігіне 800 млн. рубль көлемінде шығын келтірілген.

Айта кетейік, сейсенбіде Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы Жулебино ауданында ұшу сынақтары кезінде жауынгерлік жаңа «Аллигатор» Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырады. Ондағы екі ұшқыш та ауруханаға жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!