Forbes: Путин - әлемдегі ең ықпалды адам

Фотография - Forbes: Путин - әлемдегі ең ықпалды адам

Forbes журналы әлемдегі ең ықпалды адамдардың тізімін жасап шығарды. Америкалық журналдың тізімін Ресей президенті Владимир Путин бастап тұр. Бұл тізімге мемлекет басшылары, қаржыгерлер мен қайырымдылық істермен айналысушылар және бизнесмендер кіреді

203 0


Forbes журналы әлемдегі ең ықпалды адамдардың тізімін жасап шығарды. Америкалық журналдың тізімін Ресей президенті Владимир Путин бастап тұр. Бұл тізімге мемлекет басшылары, қаржыгерлер мен қайырымдылық істермен айналысушылар және бизнесмендер кіреді.

Путин Forbes тізімінде былтыр бірінші болған АҚШ президенті Барак Обаманы ысырған. Кремль бұған қатысты түсінік беруден бас тартты. Үшінші орында Қытай президенті Си Цзиньпин тұр. Одан кейінгі ықпалды адамдар тізімінде Рим Папасы Франциск, Германия канцлері Ангела Меркель аталған. Папа Франциск осы тізімге алғаш рет енді.

Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи тізімде 23-орында, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев - 53-орында тұр.

Басылымның хабарлауынша, ең ықпалды адамдар рейтингі жүздеген кандидаттан іріктеліп жасалған. Тізімге кірген 72 адам - әлем халқының әр жүз милиллонына бір-бірден келеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!