Махачқаладағы жарылыстан жараланғандардың бірі қайтыс болды

Фотография - Махачқаладағы жарылыстан жараланғандардың бірі қайтыс болды

Дағыстан астанасы Махачқалада 30 қазанда дүкендерде болған жарылыстардан жараланған 18 адамның біреуі қайтыс болды

325 0


Дағыстан астанасы Махачқалада 30 қазанда дүкендерде болған жарылыстардан жараланған 18 адамның біреуі қайтыс болды деп хабарлайды Ресейдің тергеу комитеті.

Бұған дейін Ресей төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған баспасөз құралдары жарылыстардан екі адам қаза тауып, 15 адам жараланғаны туралы ақпарат таратқан еді.

Сәрсенбі күні Махачқаланың Советский ауданында алкогольді ішімдіктер сататын екі дүкенде араға бірнеше минут салып бірінен соң бірі екі бомба жарылған. Жараланғандар арасында құқық қорғау орындарының қызметкерлері де бар.

Бомба жарылған соң дүкеннің бірі өртенген. Жарылыс жасағандар бой тасалап үлгерген. Қазір оларды іздестіріп жатыр.

Заң орындары қылмыстық кодекстің "кісі өлтіру" және "заңсыз қару-жарақ айналымы" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!