Әзірбайжан Еуропа мен Азияны жалғайтын TASIM жобасын ұсынуда

Фотография - Әзірбайжан Еуропа мен Азияны жалғайтын TASIM жобасын ұсынуда

Лонданда өткен «Әзірбайжанның Еуропаға ықпалдасу моделі» форумы кезінде Трансеуразиялық ақпараттық супермагистраль (TASIM) жобасының таныстырылымы өтті

156 0

Лонданда өткен «Әзірбайжанның Еуропаға ықпалдасу моделі» форумы кезінде Трансеуразиялық ақпараттық супермагистраль (TASIM) жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайдыӘзірбайжанның Байланыс және ақпарттық технологиялар министрлігі.

Форумды Әзірбайжандағы Ұлыбритания елшілігі мен Әзірбайжан президенті жанындағы ҮЕҰ-дарды қолдаудың мемлекеттік кеңесі Әзірбайжан жастарының еуропалық ықпалдасу ұйымымен (АGАТ) бірлесіп өткізді.

Оған өңірге қызығушылық танытқан Британия қоғамының өкілдері, сарапшылар, жас белсенділер, іскер топтардың өкілдері, Лонданда тіркелген ҮЕҰ мен дипломатиялық корпус мүшелері қатысты.

Байланыс және ақпарттық технологиялар министрлігінің «TASIM/EuroCA» жобасының жетекші маманы Сәбина Гасанова жоба туралы мәліметтерді кеңінен таратып айтып берді. Оның ішінде техникалық талаптар, БҰҰ-ы деңгейінде TASIM бойынша екі резолюция қабылдануы және таныстырылымға қатысушыларға Еуропаға ықпалдасудағы рөлі жайы баса айтылды.

Іс-шараға Әзірбайжан президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының бөлім меңгерушісі Ровшан Ибрагимов және осы орталықтың жетекші ғылыми қызметкері, энергетика бойынша сарапшы Гюльмира Рызаева Әзірбайжанның аймақтағы энергетикалық қауіпсіздік саласындағы рөлі және Әзірбайжанның Еуроа одағымен қазіргі байланысы жайында мағлұматтарды дария етті.

TASIM – аймақтық маңызды жоба, оның мақсаты Батыс еуропадан Шығыс Азияға дейін трансұлттық оптикалық талшық желісін тарту.

Жоба Франкфурттен (Германия) Гонконгқа дейінгі негізгі транзиттік байланысты құрады.

Желі Еуропа мен Азияның ірі ақпарат алмасушы орталықтарын байланыстырады. Транзиттік желі Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Германия аралығын жалғайды. Ол қосымша солтүстік транзиттік желі Ресей, Украина мен Польша арқылы жүргізіледі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!