Флешка жарылып, миллионердің әйелі бірнеше саусағынан айрылды

Фотография - Флешка жарылып, миллионердің әйелі бірнеше саусағынан айрылды

Жарылыс компьютерге пошта арқылы алынған жады картасын қосқан кезде орын алған

176 0

Жарылыс компьютерге пошта арқылы алынған жады картасын қосқан кезде орын алған.

Қырым миллионері және Симферополь қалалық кеңесінің экс-депутатының әйелі өзінің үйінде болған қатты жарылыстан зардап шекті. Аталған оқыс оқиға кеше кешкілік орын алды.

«Ол флешканы компьютерге қосқан сәтте, қатты жарылыс болды», - деп жазады vgorode.ua. Зардап шеккен әйел жедел жәрдем арқылы Симферополь қалалық ауруханасына жеткізілген - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Кейбір мәліметтер бойынша, әйелдің бірнеше саусағы жұлынып кеткен. «Сонымен бірге оның беті мен мойны да жарақаттанды. Алайда маңызды органдарына залал тимеген, өміріне төніп тұрған қауіп жоқ», - деп жазады «Обозреватель».


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!