SOHR: Сирияда қаза тапқандар 120 мыңнан асты

Фотография - SOHR: Сирияда қаза тапқандар 120 мыңнан асты

Құқық қорғаушылар Сирияда азаматтық соғыс басталған 31 айда 120 мыңнан астам адам қаза тапқанын мәлімдеді

210 0

Құқық қорғаушылар Сирияда азаматтық соғыс басталған 31 айда 120 мыңнан астам адам қаза тапқанын мәлімдеді. Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымының хабарлауынша, 2011 жылы наурызда халық толқулары басталғалы бері қаза тапқан 120 мың 296 адам тіркелген. Олардың 42 мың 495-і - бейбіт тұрғындар.

Құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, мерт болғандар арасында ливандық "Хезболла" ұйымының 187 сарбазы, үкімет күштері жағында соғысқан сириялық емес 61 сарбаз және тұлғасы анықталмаған 2772 адам бар.

Биыл 25 шілдеде БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сириядағы қақтығыстарда құрбан болған адам саны 100 мыңнан асқаны туралы мәлімдеген еді.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!