Италияда олимпиада жеңімпазы бала ұрлаумен айналысқан

Фотография - Италияда олимпиада жеңімпазы бала ұрлаумен айналысқан

Италия полициясы бұрынғы арнайы жасақ өкілдерінен құралған бала ұрлаушылар тобын қолға түсірді. Олардың арасында 1988 жылғы Сеул олимпиадасы жүлдегерінің бірі, 50 жастағы Лариса Москаленко да бар

196 0

Италия полициясы бұрынғы арнайы жасақ өкілдерінен құралған бала ұрлаушылар тобын қолға түсірді. Олардың арасында 1988 жылғы Сеул олимпиадасы жүлдегерінің бірі, 50 жастағы Лариса Москаленко да бар.

Ақпарат көзінің мәліметінше, құқық қорғау органы барлығы үш итальяндық, екі норвегиялық және бір швед азаматтарын құрықтаған. Ал, украиндық Лариса Москаленко оларға ұрлықы балаларды тасуға өз яхтасын ұсынған - деп хабарлады baq.kz

«Қылмыстық топ өкілдері ажырасқан жұптардың балаларын олардың бірінің өтініші бойынша ұрлап отырған. Мысалы, 2012 жылдың қазанында Тунистегі бір баланы ұрлап әкетіп, Италия арқылы Норвегияға өткізіп жіберген. Бір айдан кейін олар осы схеманы қайталамақшы болған. Алайда, жолдары болмай, қолға түскен еді».

Сондай-ақ, «бүгінде бұл топтың кепіл алу үшін де бала ұрлаумен айналысқаны белгілі болып отыр», - делінген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!