Ресей қылмыскер гастербайтерлердің барлығын елден шығармақ

Фотография - Ресей қылмыскер гастербайтерлердің барлығын елден шығармақ

Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына сотталған барлық келімсектерді елден кетіру туралы ұсыныс түскен, - деп хабарлайды ВВС агенттігі. 

193 0

Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына сотталған барлық келімсектерді елден кетіру туралы ұсыныс түскен, - деп хабарлайды ВВС агенттігі. 

«Единая Россия» депутаттары әзірлеген жобада «Ресей Федерациясындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» заңға түзету енгізу көзделген. Жоба бойынша, кез-келген қылмысы, өтелмеген немесе алынбаған соттлығы бар келімсектерге жұмыс істеуге рұқсат берілмейтін болады. Бұл Ресейде жұмыс істеп жүрген келімсектерге де қатысты. Егер де Ресейде немесе басқа да елде қандай да болмасын бір істелген қылмысы анықталса, оның рұқсатының күші жойылып, мемлекеттен қуылады екен. Қазіргі заң бойынша, шетелдік азаматтарға тек ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!