Әлемдегі ең ықпалды әйелдер

Фотография - Әлемдегі ең ықпалды әйелдер

Жуырда Forbes журналы әлемнің ең ықпалды адамдарының рейтингін жариялаған еді. Әлемдегі ең беделді саясат, қоғам қайраткерлері мен бизнес өкілдерінен құралған тізімге тоғыз нәзік жанды азаматшалар енген

302 0

Жуырда Forbes журналы әлемнің ең ықпалды адамдарының рейтингін жариялаған еді. Әлемдегі ең беделді саясат, қоғам қайраткерлері мен бизнес өкілдерінен құралған тізімге тоғыз нәзік жанды азаматшалар енген - деп хабарлады  baq.kz. 

Ақпарат көзінің мәліметіне сүйеніп, оларды былайша санамалауға болады.

 

Германия канцлері Ангела Меркель

Нәзік жандылар арасындағы көш бастап тұрған А. Меркель жалпы рейтингте де жоғары тұр. Ол бесінші орында.

Бразилия Президенті Дилма Русеф

Ол рейтингте 20-сатыға ие болды.

Үндістан ұлттық конгресінің көшбасшысы Соня Ганди

Рейтингте 21-орында.

ХВҚ директоры Кристин Лагард

Халықаралық валюта қорының тарихындағы алғашқы әйел-басшы 35-орыннан көрінді. Соңғы екі жыл өмірін еуроаймақтағы дағдарыспен күреске арнап келеді.

Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хе

52-орында. Оңтүстік Корея тарихындағы алғашқы әйел-президент.

IBM бас директоры Вирджиния Рометти

Әлемдік көшбасшылар тізімінде 56-орында. 2011 жылы компанияның бір ғасырлық тарихындағы бірінші басшы әйел атанды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чан

Рейтингте 59-сатыдан көрінді.

New York Times бас редакторы Джилл Абрамсон

Рейтингтің 68-сатысын баспасөз өкілі иемденген.

АҚШ Федералдық резерв жүйесі Басқарушылар кеңесі төрағасының орынбасары Джанет Йеллен

2010 жылы оны бұл қызметке Барак Обама тағайындаған болатын.

2011 және 2012 жылдары көшбасшылар рейтингісіне алты әйел енсе, 2010 жылы тек бес әйел, 2009 жылы тек қана үш нәзік жанды тізімде болды. Естеріңізге сала кетейік, көшбасшылар рейтингінде РФ президенті Владимир Путин топ жарды. АҚШ президенті Барак Обама - екінші, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин - үшінші, Рим Папасы Франциск төртінші орын алды. Алтыншы орында Билл Гейтс, АҚШ Федералдық резерв жүйесі Басқарушылар кеңесінің төрағасы Бен Бернанке жетінші орында. Сегізінші сатыныАбдулла ибн Абдул Әзиз (Сауд Арабиясының королі) иеленсе, Еуропаның Орталық банкінің басшысы Марио Драги тоғызыншы орын алды. Wall Mart директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Дьюк үздік ондықты қорытындылап тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!