АҚШ әуежайындағы атыста бір адам оққа ұшты

Фотография - АҚШ әуежайындағы атыста бір адам оққа ұшты

Жұма күні таңтертең АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы халықаралық әуежайда бір адам оққа ұшып, алты кісі жараланды. Полиция әуежай ғимаратына кіріп, мылтықтан оқ жаудырған деген күдіктінің аты-жөні  – Нью-Джерси штатының тұрғыны, 23 жастағы Пол Сиансия деп хабарлады

235 0


Жұма күні таңтертең АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы халықаралық әуежайда бір адам оққа ұшып, алты кісі жараланды. Полиция әуежай ғимаратына кіріп, мылтықтан оқ жаудырған деген күдіктінің аты-жөні  – Нью-Джерси штатының тұрғыны, 23 жастағы Пол Сиансия деп хабарлады.

Куәгерлер әуежайда оншақты рет атылған қару дыбысын естігендерін айтады. Оқиға салдарынан федералдық көліктегі қауіпсіздік басқармасының қызметкері қаза тауып, оның әріптесі аяғына оқ тиіп жараланған. Сонымен бірге тағы бірнеше жолаушыға оқ тиген. Қарулы адам мен күзетшілер арасында болған атыстан соң күдікті қолға түскен.

Зардап шеккен жеті жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, тағы бесеуі жергілікті ауруханаға жеткізілген. Олардың жарақаты қандай екені туралы ресми мәлімет жоқ, бірақ, дәрігерлер біреуінің жағдайы өте ауыр екенін айтқан.

Бейресми ақпарат бойынша, қарулы шабуыл жасаған адам да жараланған, оның сөмкесінен әуежай күзетшілері мен полицияның атына қоқан-лоққы сөздер жазылған қағаз табылған. Полиция бұл адам жалғыз өзі әрекет еткен болуы мүмкін деген болжам айтады.

Оқиға салдарынан Лос-Анджелес әуежайынан ұшатын және осында қонатын әуе рейстері уақытша шегеріліп, әуежайға баратын негізгі автокөлік жолы аз уақытқа жабылған - деп хабарлады azattyq.org

Ақ үйдің баспасөз қызметі суыт оқиға туралы президент Барак Обаманың хабардар екенін айтты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!