Әйел депутаттар парламентке шариғат шәлісімен келді

Фотография - Әйел депутаттар парламентке шариғат шәлісімен келді

Түрік парламентінің тарихында тұңғыш рет әйел депутаттар мәжіліске шариғат шәлісін жамылып келді

167 0

Түрік парламентінің тарихында тұңғыш рет әйел депутаттар мәжіліске шариғат шәлісін жамылып келді.

Айта жүрер бұл өзгерісті осы елдің ер мінезді көсемі Ережеп Тайып Ердоғанның үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 30-ы күні жария еткен демократиялық реформалардың жемісі деуге болады. Демократиялық реформаларға сәйкес мемлекеттік мекемелерде әйелдерге жаулық тартып жүруіне салынған тыйымның күші жойылған еді. Аталмыш тыйым Түрік Республикасы болып құрылған сәттен бастап күшіне енген болатын.

Елді елең еткізген бұл жаңалықты жақтырмай қарсы алғандар да, жақтап сөйлегендер де болды. Ердоғанның өзі мен оның билік басындағы партиясы бұл өзгерісті демократия жетістігі ретінде бағаласа, наразы топтар елдің зайырлы сипатына қайшы келетінін алға тартып отыр.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Түркияның мемлекеттік кеңесі елдің жоғары оқу орындарында шариғат шәлісімен жүруге мүмкіндік беретін жаңа заңды қолданыстан алып тастау жөнінде шешім шығарған еді. Осылайша, жоғарғы әкімшілік сот бұрын ел президенті Абдолла Гүл қол қойған заңның жүзеге асуына нақты кедергі келтірген болатын

Шариғат шәлісіне қатысты мәселе талай дау-дамайға түрткі болғанын айта кету керек. Осы жылдың ақпан айында ел президенті билік басындағы Әділет және даму партиясының бастамасы бойынша қабылданған заңды бекіткен еді. Осыдан кейін Түркияның жоғары білім беру жөніндегі кеңестің жетекшісі барлық жоғарғы оқу орындарының басшыларына шариғат шәлісімен жүруге қатысты тыйымның күшін жоюды тапсырды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Ел оппозициясы бұл заңға өре түркегеліп, қарсы шықты. Түрік оппозициясының өкілі оның күшін жоюды Конституциялық соттан талап еткен еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!