Нацистер ұрлаған жүздеген сурет табылды

Фотография - Нацистер ұрлаған жүздеген сурет табылды

Германияның Мюнхен қаласындағы пәтерлердің бірінен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер ұрлаған бір жарым мыңға жуық картиналар табылған. Олардың арасында Матисс пен Пикассоның туындылары да бар

188 0


Германияның Мюнхен қаласындағы пәтерлердің бірінен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер ұрлаған бір жарым мыңға жуық картиналар табылған. Олардың арасында Матисс пен Пикассоның туындылары да бар.

1930-1940 жылдары жазылған өнер туындыларын жинайтын коллекционердің ұлының пәтерінен табылған бұл картиналардың жалпы құны бір миллиард еуроға жуық деп бағалайды Германиялық Focus апталық басылымы. Өткен ғасырда өмір сүрген әйгілі қылқалам шеберлері шығармаларының ішінде Эмиль Нольде, Франц Марк, Макс Бекман және Макс Либерман сияқты неміс суретшілерінің .қолынан шыққан дүниелер бар - деп хабарлады azattyq.org

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және оған дейін бүкіл Еуропада көптеген өнер туындылары нацистердің қолына өткен еді. Олар өнер мұрасының көбін еврейлерден тәркілеп алды, немесе ол суреттердің иелерін баға жетпес туындыларды арзан бағамен сатуға мәжбүрледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!