Сандра Ортега Мера - ең бай испан қызы атанды

Фотография - Сандра Ортега Мера - ең бай испан қызы атанды

Zara сәнді киімдер сауда белгісінің негізін қалаушы Амансио Ортега мен Розалия Мераның қызы Сандра Ортега Мера ең бай испан қызы атанды

335 0

Zara сәнді киімдер сауда белгісінің негізін қалаушы Амансио Ортега мен Розалия Мераның қызы Сандра Ортега Мера ең бай испан қызы атанды.

Николас Мудидің бағалауынша, Сандраға байлығының 90 пайызы Розалия Мерадан мұрагерлікке қалған. Кейіннен ол Rosp Corunna Participaciones Empresariales компаниясында өзінің иелігіне өткізіпті. Бүгінде сәнді киім шығарумен әлемге танылған сауда белгісінің қожайының байлығы мамандардың есептеуінше, 7,3 млрд. доллорды құрайды -  деп хабарлады baq.kz

Алғашқы Zara дүкенін Амансия Ортега мен Розалия Мера 1975 жылы ашқан. Кейіннен ерлі-зайыпты 1986 жылы айырылысып кетеді. Алайда, бизнестерін олар бірге әрі қарай дамыта береді. 2001 жылы Inditex компаниясы Қор нарығына алғаш рет акцияларын орналастырды. Оның 5,1 пайызын Мера сатып алып, Rosp Corunna компаниясының иелігіне өткізді. Бүгінде Inditex-тың басқаруында Zara, Pull & Bear, Bershka сауда белгілері кіреді және олардың әлем бойынша 6000-нан астам сауда нүктелері бар


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!