Таиландта паром апатынан жеті адам қаза болды

Фотография - Таиландта паром апатынан жеті адам қаза болды

Жексенбі күні Таиландта туристер келе жатқан паром жағалаудан жарты шақырымдай қашықтықта теңізде суға батып, апат салдарынан кемінде жеті адам қаза болған

160 0

Жексенбі күні Таиландта туристер келе жатқан паром жағалаудан жарты шақырымдай қашықтықта теңізде суға батып, апат салдарынан кемінде жеті адам қаза болған.

Паттайядағы Ко-Лан аралынан шыққан паромның двигателінде ақау пайда болған соң, жолаушыларды екінші қабатқа шығарған. Олардың салмағынан паром бір жақ бүйіріне ауып, суға батып кеткен. Полицияның хабарлауынша, 150 жолаушы алып жүруге лицензиясы бар паромда апат болған сәтте 200 адам отырған - деп хабарлады azattyq.org

Таиландтағы Ресей елшілігінің өкілі Андрей Дворников паром апатында қаза болғандардың арасында ресейлік үш азамат - бір әйел және екі ер адам бар екенін хабарлаған.

Таиландтың құтқару қызметі мен әскери-теңіз күшері апат болған аймақта іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!