Ресейде терроршының туыстарынан шығындарды өндіріп алу жөнінде заң қабылданды

Фотография - Ресейде терроршының туыстарынан шығындарды өндіріп алу жөнінде заң қабылданды

Ресей президенті Владимир Путин лаңкестік жасау барысында келтірілген шығынды терроршының туған-туыстарынан өндіріп алуға мемлекетке құқық беру жөніндегі заңға қол қойды

150 0

Ресей президенті Владимир Путин лаңкестік жасау барысында келтірілген шығынды терроршының туған-туыстарынан өндіріп алуға мемлекетке құқық беру жөніндегі заңға қол қойды.

Федерация Кеңесі қорғаныс комитетінің төрағасы Виктор Озеров мұндай шараның қажеттілік екенін атап өтті.

«Тіптен, туыстары ғана емес, қылмыскердің жанына жылы жақындары – ашыналары, ол ант берген және онымен бірге терроршылық ұйымға мүше адамдар... Алайда, бұл прокурордың сот арқылы ұсынысынан кейін ғана...», - деді ол - деп хабарлады Baq.kz

В.Озеровтың айтуынша, осы шара ондаған адамға тоқтау салып, жүздеген адамды террорлық актілерден аман алып қалып жатса, дұрыс болғаны. Егер іске аспаса, бұдан әрі жаңа тетіктер іздестірілетін болады.

Айта кетейік, бұл заңның түсініктемесінде егер терроршының туған-туыстары жекеменшігіндегі мүлкінің қалай келгенін дәлелдей алмаса, мемлекет пайдасына кәмпескіленетін болады деп жазылған.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!