Мұсылмандар христиандарды Иракта қалуға үндеді

Фотография - Мұсылмандар христиандарды Иракта қалуға үндеді

Өткен бейсенбіде ондаған мұсылман Бағдад шаһарындағы шіркеудің алдында жиналып, христиандарды елден кетпеуге шақырды

122 0

Өткен бейсенбіде ондаған мұсылман Бағдад шаһарындағы шіркеудің алдында жиналып, христиандарды елден кетпеуге шақырды. Естеріңізде болса, осыдан үш жыл бұрын осы шіркеу жамағатының арасынан 44 адам және үш священник белгісіз біреулердің қолынан қаза тапқан болатын.

Бұл күні Бағдад қаласының Каррада ауданында орналасқан шіркеуде Иса пайғамбардың (р.а.) анасын еске алу құлшылығы өткен еді. Ғибадат кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, христиан екенін растайтын құжаты барлар ғана ішке енген болатын. Тілшілер де құлшылық барысын тек сырттан ғана бақылай алды.

24 млн тұрғыны бар Иракта христиандардың саны шамамен 3 пайызды құрайды.


Тегтер:

Ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!