АҚШ-та YouTube-тің алғашқы музыкалық сыйлығы тапсырылды

Фотография - АҚШ-та YouTube-тің алғашқы музыкалық сыйлығы тапсырылды

Нью-Йоркте YouTube ірі бейнепорталының алғашқы музыкалық сыйлығын тапсыру рәсімі өтті

159 0

Нью-Йоркте YouTube ірі бейнепорталының алғашқы музыкалық сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Жыл орындаушысы ретінде Эминем танылды.

ВВС-дің жазуынша, номинанттар жыл ішінде YouTube-те көрермендер назарына іліккен бейнероликтер ішінен алты категория бойынша таңдалды. Осы орайда адамдар барынша көп қараған бейнесюжет жеңімпаз деп танылды.

«Үздік бейне» мәртебелі аталымында Майли Сайрус, Леди Гага және Джастин Бибер секілді жұлдыздар ұсынылғанымен, сыйлықты "I Got A Boy" өлеңімен Оңтүстік Кореяның Girls' Generation тобы алды.

Youtube сыйлығын тапсыру рәсімі интернет арқылы тікелей көрсетілді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Айта кетейік, бұл сайттың негізін 2005 жылы Калифорнияда PayPal компаниясының бұрынғы үш қызметкері қалаған. 2006 жылы оны 1,7 млрд. АҚШ долларына Google компаниясы сатып алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!