Тегеранда АҚШ-қа қарсы шеру өтті

Фотография - Тегеранда АҚШ-қа қарсы шеру өтті

Бүгін Тегеранда 1979 жылғы 4-қарашада болған оқиғаны атап өтуге мыңдаған адам жиналған. Олар бұрынғы АҚШ елшілігінің жанымен жүріп өткен. Иран бұқаралық ақпарат құралдары жиналғандардың кейбіреуі «Америкаға өлім келсін!» деген жазу ұстап шыққанын хабарлаған

240 0


Бүгін Тегеранда 1979 жылғы 4-қарашада болған оқиғаны атап өтуге мыңдаған адам жиналған. Олар бұрынғы АҚШ елшілігінің жанымен жүріп өткен. Иран бұқаралық ақпарат құралдары жиналғандардың кейбіреуі «Америкаға өлім келсін!» деген жазу ұстап шыққанын хабарлаған.

Иранда мұндай шеру жылда қайталанады. Бірақ Иранның қазіргі президенті Хассан Роуханидің Тегеран мен батыс елдері арасындағы қырғи-қабақ саясатты жұмсартуға бағытталаған талпынысына байланысты биылғы жиын ерекше назар аудартып отыр. Қыркүйек айында Роуханидің АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлескені туралы хабарды Иран консерваторлары күдік-секеммен қабылдады.

1979 жылы қарашада Тегерандағы АҚШ елшілігіне баса-көктеп кіргендер ондағы америкалық азаматтарды кепілдікке алған соң Иран мен АҚШ арасында дипломатиялық дағдарыс орнады. Сол жолы елшілікті басып алғандар ондағы 52 қызметкерді 444 күн бойы кепілдікте ұстап, сосын босатқан еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!