Сирия халқының 40 пайызы жәрдемге мұқтаж

Фотография - Сирия халқының 40 пайызы жәрдемге мұқтаж

5 қараша күні БҰҰ "Сирия халқының 40 пайызына жуығы гуманитарлық көмекке зәру екенін" мәлімдеді

169 0

5 қараша күні БҰҰ "Сирия халқының 40 пайызына жуығы гуманитарлық көмекке зәру екенін" мәлімдеді.

БҰҰ-ның гуманитарлық көмек көрсету бойынша басшысы Валери Амос дүйсенбі күні осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесі жиынында Сириядағы гуманитарлық дағдарыс "жедел ушығып бара жатқанын" айтқан.

Сирияда қазір 9 миллион 300 мыңдай адам көмекке мұқтаж. Бұл көрсеткіш екі ай бұрын, яғни қыркүйек айында 6 миллион 800 мың адам болған еді.

Олардың жартысынан астамы - соғыс кесірінен баспанасынан айрылған адамдар. Амос БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Сирия билігімен де, оппозициясымен де келіссөздер жүргізіп, гуманитарлық көмек жеткізуге жағдай жасауды сұрады. 

БҰҰ мәліметтері бойынша, азамат соғысы басталған 2011 жылдың наурызынан бастап қазіргі кезге дейін Сириядан 2 миллион 800 мыңнан астам адам босып кеткен. 100 мыңнан астам адам қаза тапқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!