Атышулы Гуантанамо түрмесі жабылуы мүмкін

Фотография - Атышулы Гуантанамо түрмесі жабылуы мүмкін

АҚШ президенті Барак Обама Гуантанамо түрмесін жабу үшін Конгрестен қосымша қаражат бөлуін сұрады

140 0

АҚШ президенті Барак Обама Гуантанамо түрмесін жабу үшін Конгрестен қосымша қаражат бөлуін сұрады. Мемлекет басшысы Кубадағы атышулы абақтыны мүлдем жауып, ондағы жазасын өтеушілерді АҚШ түрмелеріне бөліп тастамақ ниетте.

Айта кетейік, осынау әскери түрмені жабу туралы бұйрыққа Барак Обама 2009 жылы қол қойған. Бірақ, Конгресс оның шешімін тоқтатып тастады. Мұнан кейін Обама бірнеше рет Гуантанамодан АҚШ-қа тек залал келіп отырғандығын айтып, БАҚ беттерінде мәлімдеме жасаған

Гуантанамо арнайы түрмесінде бүгінгі таңда 164 сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың барлығы дерлік лаңкестік әрекеті үшін айыпты деп танылған. Егер түрме жабылған жағдайда олардың жартысы өзге елдерге берілуі мүмкін.

Бұған дейін халықаралық құқық қорғаушылар осынау абақтыдағы зорлық-зомбылықты мысалға келтіріп, оның жабылуын талап еткен болатын. Айтуларынша, мұнда сотталғандарды иттің тамағымен асырап, медициналық қауіпті талдаулардан өткізеді екен.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!