46 жыл бұрын ұрланған мотоцикл иесіне қайтарылды

Фотография - 46 жыл бұрын ұрланған мотоцикл иесіне қайтарылды

АҚШ-тың Омаха қаласында тұратын 72 жастағы азаматқа полиция қызметкерлері 46 жыл бұрын ұрланған мотоциклін тауып берді

137 0

АҚШ-тың Омаха қаласында тұратын 72 жастағы азаматқа полиция қызметкерлері 46 жыл бұрын ұрланған мотоциклін тауып берді.

Triumph Tiger 100 маркалы мотоцикл зауыттан 1953 жылы шығарылған. Тәртіп сақшылары оны Лос-Анджелес қаласының портынан тауып алды. Осы уақытқа дейін ұрланған көлік кімде болғаны және оны нақты кімнің ұрлағаны туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Бүгінгі таңда тарихи жәдігерге айналған мотоциклдің құны 9 мың долларды құрап отыр. Яғни, өзінің алғашқы бағасынан 30 есеге қымбат.

Ал, ұрланған дүниесін жарты ғасыр бойы күткен зейнеткердің қандай қуанышта болғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!!!

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!