Женевада Сирия бойынша келіссөздер басталды

Фотография - Женевада Сирия бойынша келіссөздер басталды

Женевада Сирия бойынша бейбітшілік конференциясын даярлау мақсатында келіссөздер басталды. Ұйымдастырушылар аталған елде 2,5 жылға созылған азаматтық соғысқа нүкте қоюға бел буып отыр

304 0

Женевада Сирия бойынша бейбітшілік конференциясын даярлау мақсатында келіссөздер басталды. Ұйымдастырушылар аталған елде 2,5 жылға созылған азаматтық соғысқа нүкте қоюға бел буып отыр.

БҰҰ мен Араб елдері лигасының арнайы өкілі Лахдар Брахими мен америкалық және ресейлік дипломаттар арасындағы кездесу қатысушылар құрамы бойынша келіспеушіліктің салдарынан бірнеше ай бойы кейінге қалдырылған еді.

Ресей мен АҚШ-тан өзге бұл кездесуге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің үш тұрақты мүшесі (Ұлыбритания, Франция, Қытай), сондай-ақ Сириямен көршілес Ливан, Иордания, Иран және Түркия елдерінің өкілдері қатысады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!