Австралия Ауғанстанда әскерін қалдыруды ұсынды

Фотография - Австралия Ауғанстанда әскерін қалдыруды ұсынды

Австралия халықаралық коалиция күштері құрамындағы әскерінің бір бөлігін 2014 жылы НАТО күштері ол елден кеткен соң да Ауғанстанда қалдыру туралы Кабулға ұсыныс жасады

248 0


Австралия халықаралық коалиция күштері құрамындағы әскерінің бір бөлігін 2014 жылы НАТО күштері ол елден кеткен соң да Ауғанстанда қалдыру туралы Кабулға ұсыныс жасады.

«100-ден 400-ге дейін сарбаз қалдыру ұсынылды, бірақ түпкілікті шешімді ауған билігі айтады» - деп хабарлады   azattyq.org

Қазір Ауғанстанда Австралияның 1200 әскери қызметкері бар, олар негізінен Урузгаен провинциясында орналасқан. Филптің айтуынша, Австралия Таринкоттағы негізгі базасын жапқан соң Ауғанстандағы әскери контингентін биылғы жылдың соңына қарай 400 адамға дейін азайтпақ. Австралия үкіметі оларды «2015 және 2016 жылдары Ауғанстанда қалдыруға дайын» дейді елші.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!