Колумбия Ресейді әуедегі кеңістік шекарасын бұзғаны үшін айыптады

Фотография - Колумбия Ресейді әуедегі кеңістік шекарасын бұзғаны үшін айыптады

Колумбия Президенті Хуан Мануэль Сантос Ресейдің екі ТУ-160 бомбалаушы ұшағы елдің әуе кеңістігін бұзды деп Мәскеуге қарсылық нотасын жіберетінін мәлімдеді.

207 0

Колумбия Президенті Хуан Мануэль Сантос Ресейдің екі ТУ-160 бомбалаушы ұшағы елдің әуе кеңістігін бұзды деп Мәскеуге қарсылық нотасын жіберетінін мәлімдеді.

Аталған жағдай өткен жұмада орын алған. Сантостың сөзіне қарағанда, Ресей ұшақтары Венесуэладан Никарагуаға ұшқанда ешқандай рұқсатсыз Колумбияның үстінен өте шыққан.

Колумбияның ӘӘК Kfir екі ұшқышы дереу әуеге көтеріліп, Ресей бомбалаушыларын Венесуэлаға қайтуға мәжбүрлеген.

«Бұл мемлекетке тиесілі әскери ұшақтар болғасын олар рұқсат сұраулары керек еді. Бірақ олай болмады» , - деп мәлімдеді Пасто қаласында өткен баспасөз мәжілісінде Колумбия президенті.

Венесула президенті Николас Мадуромен келіссөздер жүргізу үшін 30 қазан күні Ресейдің қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Каракасқа барды.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!