Билл де Бласио Нью-Йорк мэрі болып сайланды

Фотография - Билл де Бласио Нью-Йорк мэрі болып сайланды

АҚШ демократиялық партиясының өкілі Билл де Бласио Нью-Йорк қаласының мэрі болып сайланды.

197 0

АҚШ демократиялық партиясының өкілі Билл де Бласио Нью-Йорк қаласының мэрі болып сайланды. Ол 65 пайыз дауыс алып, республикалық партиядан сайлауға түскен Джо Лотоны саяси күресте жеңді. Бұған дейін Нью-Йорк мэрі қызметіне үш мерзім қатарынан сайланған миллиардер Майкл Блумберг заң бойынша төртінші мерзімге сайлана алмайтындықтан оның орнына қала билігіне жаңа адам келді.

Сейсенбі күні АҚШ-тың өзге де бірқатар қалалары мен штаттарында жергілікті билік  органдарына сайлау болып өтті.

Нью-Джерси штатының губернаторы – жұртқа танымал саясаткер, республикалық партия өкілі Крис Кристи осы қызметке қайта сайланды. Осыған дейінгі сайлауларда демократтарға қолдау танытып келген кейбір демографиялық топтардың көпшілігі (арасында әйелдер, афроамерикалықтар, тегі латынамерикалық тұрғындар бар) бұл жолы Кристиді жақтап дауыс берген. Сарапшылар Кристиді 2016 жылы өтетін АҚШ прездиенті сайлауына түсуге лайықты кандидаттардың бірі ретінде атайды.

Виржиния штаты губернаторының сайлауы биыл өте тартысты өтті. Бақталасынан шамалы ғана артық дауыс жиған демократиялық партияның кандидаты Терри Маколиф жеңіске жетті. Маколиф бұрын АҚШ демократиялық партиясы ұлттық комитетінің төрағасы болған, сонымен бірге ол АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның жақын достарының бірі.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!