Ясир Арафаттың сүйегінен полоний табылған

Фотография - Ясир Арафаттың сүйегінен полоний табылған

Швейцарияда өткізілген зерттеулер нәтижесі Ясир Арафаттың аса қауіпті радиоактивті зат - полонийден уланып қайтыс болғанын дәлелдейді деп мәлімдеді марқұмның жесірі Суха Арафат. Ол күйеуін «саяси кісі өлтіру» құрбаны болды дейді

252 0

Швейцарияда өткізілген зерттеулер нәтижесі Ясир Арафаттың аса қауіпті радиоактивті зат - полонийден уланып қайтыс болғанын дәлелдейді деп мәлімдеді марқұмның жесірі Суха Арафат. Ол күйеуін «саяси кісі өлтіру» құрбаны болды дейді.

Былтыр сарапшылар Палестинаның бұрынғы басшысы Ясир Арафаттың зиратын ашып, зерттеу жасау үшін сүйегінен сынамалар алған еді. Мамандар жүргізген зерттеу қорытындысы өткен бейсенбіде алған Суха Арафат енді қолында күйеуінің «қастандықпен өлтірілгенін ғылыми түрде айғақтайтын құжаттар барын» айтып отыр. Ол күйеуінің дұшпандары көп болғанын айтқанымен, нақты ешкімнің аты-жөнін атамады.

2012 жылы Франция билігі Ясир Арафаттың отбасының сұрауы бойынша марқұмның өлімінің жай-жапсарын тексеруді бастаған.

Палестинаның бұрынғы басшысы көзі тірісінде өзіне қарсы жасалған 40-қа жуық қастандықтан аман-есен қалғанын мәлімдеген еді. 2004 жылы 75 жасында Париж ауруханасында қайтыс болған Ясир Арафат Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамаллада жерленген. Оған ресми түрде инсульт алды деген диагноз қойылған. Бірақ палестиналықтардың көпшілігі оны қастандықпен өлтірілді деп санайды.

Ясир Арафат Палестинаны азат ету ұйымын 35 жыл басқарып, 1996 жылы Палестина автономиясының тұңғыш президенті болып сайланған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!