Сирия халқының жартысына жуығы аштықтың алдында

Фотография - Сирия халқының жартысына жуығы аштықтың алдында

 Сирия халқының 40 пайызға жуығы, жалпы алғанда 9,3 млн адам шұғыл түрде гуманитарлық көмекке мұқтааж. БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі орынбасары Валери Амос Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде осындай мәлімдеме жасады

171 0

 Сирия халқының 40 пайызға жуығы, жалпы алғанда 9,3 млн адам шұғыл түрде гуманитарлық көмекке мұқтааж. БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі орынбасары Валери Амос Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, гуманитарлық көмекке мұқтаж адамдардың саны тек қыркүйек айының өзінде 2,5 млн тұрғынға өскен. «Қауіпсіздік кеңесі жанжалдасып, жауласуға көшкен екі жақты да соғыстан зардап шеккендерге гуманитарлық көмектің жетуіне бөгет жасамауына ықпал етуі тиіс»,- дейді ол.

Сирия мемлекетінде жалпы халық саны 23 млн адамды құрайды. Оның ішінде 2,5 млн-нан аса адам әлемнен оқшауланып қалған аудандарда тұратындықтан дәрі-дәрмекке, электр қуатына және өзге де керек-жараққа өте зәру. Иордания секілді көрші мемлекеттер сириялық босқындардың мәселесін шешу үшін көп күш-жігер жұмсап отырғанын айта кету керек.

БҰҰ есебі бойынша 2011 жылы бұл елден 2 млн-ға жуық адам кеткен. Олардың көбісі Ливан, Иордания, Түркия, Ирак және Мысыр елдеріне бас сауғалаған.

Сириядағы азаматтық соғыстан осы уақытқа дейін 100 мыңнан аса адам қаза тапты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!