ТОСК: Эмомали Рахмон 83,6 пайыз дауыс алған

Фотография - ТОСК: Эмомали Рахмон 83,6 пайыз дауыс алған

Тәжікстанда 6 қарашада өткен президент сайлауының алдын ала нәтижесі бойынша, дауыс беруге қатысқан ел азаматтарының 83,6 пайызы қазіргі президент Эмомали Рахмонды қолдап дауыс берген.

189 0

Тәжікстанда 6 қарашада өткен президент сайлауының алдын ала нәтижесі бойынша, дауыс беруге қатысқан ел азаматтарының 83,6 пайызы қазіргі президент Эмомали Рахмонды қолдап дауыс берген.

Бұл туралы ресми мәліметті бейсенбі күні Тәжікстан орталық сайлау комиссиясының төрағасы Шермухаммади Шохиён мәлімдеді.

Оның айтуынша, президент сайлауына дауыс беруге тізімге енгізілген сайлаушылардың 80 пайыздан астамы қатысқан. Тәжікстанның сайлау туралы заңы бойынша, сайлау өтті деп танылуы үшін сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс беруге қатысуы қажет.

Президент сайлауына елдегі бес саяси партиядан кандидаттар түскен.  Ал осы сайлауға Тәжікстан оппозициясы ортақ кандидат ретінде ұсынған Ойнихол Бобоназарованы билік тіркемей қойған соң ол сайлауға қатысудан бас тартқан. Сонымен бірге Тәжікстан социал-демократиялық партиясы биылғы президент сайлауына бойкот жариялаған еді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) билік бақылайтын бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдында тек Рахмонның кандидатурасына ғана көңіл бөлгенін сынаған.

61 жастағы Эмомали Рахмон 8 миллион тұрғын халқының жартысынан астамы кедейшілікте өмір кешіп жатқан Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып отыр. Ол осымен төртінші мерзімге ел президенті болып сайланды.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!