АҚШ-тың екі бірдей қаласында атыс болды

Фотография - АҚШ-тың екі бірдей қаласында атыс болды

АҚШ-тың Детройт және Вашингтон қалаларында адамдарға оқ ату бойынша екі оқиға тіркелді. Детройтта (Мичиган штаты) ер адам шаштаразға оқ жаудырған. Ал оның ішіндегі адамдар сыртқа қарай қашып шыққанда қылмыскер оларға да атқан.

178 0

Салдарынан екі адам қаза болды, жеті адам жараланды, деп хабарлады АР полиция өкілі Келли Минердің сөзіне сілтеме жасап.

Полиция әзірге оқ атқан адамның кім екенін анықтаған жоқ. Оны іздеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыскердің не себепті мұндай әрекетке барғаны белгісіз, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Осыған ұқсас тағы бір оқиға Вашингтонның солтүстік-шығыс бөлігінде орын алды. Онда белгісіз біреу сәрсенбі күні автобус аялдамасында тұрған адамдарға тапаншадан оқ жаудырған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Салдарынан 3 ер адам мен 60 жастағы әйел жарақаттанды. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, екі ер адамның халі мүшкіл. Қылмыскер ұсталды, ал оны бұл қылмысқа не итермелегені әзірге беймәлім.

Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!