Өзбекстан президентіің қызы өз әкесін Сталинге теңеді

Фотография - Өзбекстан президентіің қызы өз әкесін Сталинге теңеді

Көршілес өзбек елінде президенттің қызы Гүлнар Кәрімованың басынан жанжал арылмай-ақ қойды

187 0

Көршілес өзбек елінде президенттің қызы Гүлнар Кәрімованың басынан жанжал арылмай-ақ қойды. Бүгін Гүлнардың көмекшісі – медиамагнат Фирдавс Әбдіхалықов із-түзсіз жоғалып кетті. Ол соңғы уақытта Гүлнарға қолдау көрсетіп жүрген болатын.

Кей деректер бойынша, Әбдіхалықов тірі және бостандықта жүр. Қазір ол Самарқан облысында көрінеді, тек оны күн сайын тергеуге алып кетеді екен. Гүлнардың өзі көмекшісінің жоғалғаны туралы тіс жарып ешкімге айтқан жоқ, «Твиттер» парақшасына да ештеңе жазбай отыр. Өзбек ханшайымының басына үйірілген қара бұлт бірнеше апта өтсе де, сейілер емес. Ислам Кәрімовке қызының тым еркінсіп кеткені ұнамаған болуы керек телеарналарын да жауып тастады. Осыдан кейін Гүлнар өз әкесін Сталинге, ал айналысындағыларды қорқауларға теңеді.

Бірнеше күн бұрын ол «Өзбекстандағы бетперде-шоуын кім жапты?» деген атаумен видео жариялады. Бейнежазбада жүзін жасырып алған белгісіз азамат DVD-дисктер сататын дүкендерді прокурорлар мен арнайы қызмет мамандарының тексеруіне қарсы екенін айтып, сұхбат берген. Ал бүгін Гүлнар өз парақшасында видеоға қатысты ойын былай деп жеткізген: «Бұл роликті көрсетуге Республиканың қауіпсіздік қызметінің бастығы, елдегі ықпалды тұлға Рүстем Иноятов тыйым салып отыр».

Рүстем Иноятов біраз уақыттан бері Гүлнар Кәрімовамен шығыса алмай келеді. Елдегі бүкіл қаржылық және құқықтық мекемелерді Иноятов бақылап, орган басшыларын уысында ұстап отыр. Ол тек ел президентіне ғана бағынады.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!