ЕО соты гомосексуалистердің саяси баспана құқығын белгіледі

Фотография - ЕО соты гомосексуалистердің саяси баспана құқығын белгіледі

Голландиядан саяси баспана сұраған үш ер адамның ісін қараған Еуропа Одағының (ЕО) соты гомосексуалист болғаны үшін қуғын-сүргінге ұшырауы – олардың ЕО аумағында саяси баспана алуына негіз болады деген шешім шығарды

205 0

Голландиядан саяси баспана сұраған үш ер адамның ісін қараған Еуропа Одағының (ЕО) соты гомосексуалист болғаны үшін қуғын-сүргінге ұшырауы – олардың ЕО аумағында саяси баспана алуына негіз болады деген шешім шығарды.

ЕО сотының қаулысында «жыныстық таңдау – әрбір тұлғаның ажырағысыз бөлігі болғандықтан адамды одан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайтыны» туралы айтылған.

Голландияға Сьерра-Леоне, Уганда және Сенегалдан келген үшеуі де жыныстық ерекшеліктеріне байланысты отандарында қудалау қаупі төнгендіктен саяси баспана сұраған. Бірақ Нидерланды билігі олардың өтінішін қанағаттандырмаған.

Енді бұл үш адамның ісі қайтадан Голландия билігінің қарауына қайтарылады. ЕО соты қабылдаған шешімнің бүкіл ЕО аумағында күші бар және одаққа мүше барлық елдер оны орындауға міндетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!