Обама америкалықтардан кешірім сұрады

Фотография - Обама америкалықтардан кешірім сұрады

Бейсенбіде АҚШ президенті Барак Обама америкалықтардан кешірім сұрады

138 0

Бейсенбіде АҚШ президенті Барак Обама америкалықтардан кешірім сұрады.

Оған себеп - АҚШ азаматтарының қазіргі медициналық сақтандыру полисінің жарамсыз болып қалуы. Үш жыл бұрын Обаманың ұсынысымен медициналық сақтандыру туралы заң қабылданып, АҚШ тұрғындарының бес пайызға жуығы медициналық сақтандыру полисін сатып алған еді.

Обама "медициналық сақтандыру жүйесін реформалау кезінде бұған дейін сақтандыру полисін алған адамдарға ешқандай зиян келмейді" деп уәде еткен. Алайда сақтандыру полисі бар 15 миллиондай адам енді қайтадан жаңа сақтандыру келісім-шартын жасасуы керек. Енді бұл азаматтар бұрынғыдан әлдеқайда көп ақша төлеуі тиіс болады. 

Обама NBC телеарнасына берген сұхбатында "Мен уәдемді орындай алмадым. Маған сенген адамдардың кешірім сұраймын" деген.

Президенттің айтуынша, "заң жобасын әзірлеген сарапшылар заң күшіне енген кезде болатын өзгерістерді адамдарға толық хабарламаған". Бірақ Обама "Ақ үй Конгресс қолдауына ие болу үшін жалған уәде берді" деген айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. 

Заңда сақтандыру шартына жаңа қызмет түрлерін қосылған. Бұл сақтандыру құнының өсуіне әсер еткен. 

Заң шығарушылар мен Ақ үй сақтандыру компанияларын бағаны өсірмей тұра тұруға шақырды. Ақ үйдің уәжі бойынша, сақтандыру нарығы дами келе, баға да төмендейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!