Қытай Тайюаньдағы жарылысқа күдікті ұсталғанын хабарлады

Фотография - Қытай Тайюаньдағы жарылысқа күдікті ұсталғанын хабарлады

Бүгін Қытай полициясы Шаньси провинциясындағы жарылыстарға қатысты күдікті адамның ұсталғаны туралы хабарлады.

122 0

Бүгін Қытай полициясы Шаньси провинциясындағы жарылыстарға қатысты күдікті адамның ұсталғаны туралы хабарлады.

Полицияның ақпаратында 41 жастағы Фэн Чжицзюнь есімді әйелдің «жарылысты өзі жасағанын мойындағаны» және оның үйінен «бомба жасауға керек заттар табылғаны» айтылған. Қытай билігі күдіктінің бұған дейін ұрлық жасағаны үшін 9 жылға сотталғанын хабарлап отыр.

6 қарашада таңертең Қытайдың солтүстігінде, Шаньси провинциясындағы Тайюань қаласында Қытай коммунистік партиясы кеңсесінің маңында болған бірнеше жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, сегіз адам жараланған еді.

Одан бір апта бұрын, 28 қазанда Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңында жүрген жұрт арасына кіріп кеткен автокөлік алдымен жарылып, одан кейін өртенгені туралы ақпарат тараған. Қытай алаңдағы оқиға салдарынан бес адам – автокөлікте отырған үш адам және сол маңда жүрген екі жаяу жүргіншінің қаза болғаны туралы хабарлаған. Кейін Қытай билігі алаңда болған көлік жарылысына «Шығыс Түркістан ислам қозғалысының» содырлары жауапты» деп мәлімдеген еді.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!