Филиппинде сұрапыл тайфуннан үш адам қаза болған

Фотография - Филиппинде сұрапыл тайфуннан үш адам қаза болған

Бүгін таңертең Филиппинге сағатына 300 шақырымнан аса жылдамдықпен келіп жеткен «Хайянь» тайфуны салдарынан үш адам қаза болғаны туралы хабарланды

97 0

Бүгін таңертең Филиппинге сағатына 300 шақырымнан аса жылдамдықпен келіп жеткен «Хайянь» тайфуны салдарынан үш адам қаза болғаны туралы хабарланды.

Мамандар әлемдегі ең сұрапыл дауылға теңеп отырған тайфун күшінен Лейте және Самар аралдарында теңіз жағалауына жақын маңда биіктігі бес метрлік толқындар пайда болған.

Қатты дауылдан әуе және паром қатынасы тоқтап, бірқатар аймақтармен байланыс үзілген, кейбір жерлерде үйлердің шатырын жұлып әкеткен. Жүздеген мың адам қауіпсіз орындарға көшірілген.

Елдің орталық аймақтарында мекемелер, мектептер мен дүкендер жабылған. Қарулы күштер мен төтенше қызмет өкілдеріне құтқару жұмыстарына кірісуге дайын болуы ескертілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!