Арықтасаңыз алтын береді

Фотография - Арықтасаңыз алтын береді

Дубайда арықтауға қатысты шараға қатысқандар 16,8 келі алтынды қанжығасына байлайтын болды. Аталмыш шара кейінгі уақытта әлемде кеңінен тараған семіздік індетіне қарсы қолға алынып отыр. Бұл шара үстіміздегі жылдың қыркүйек айында бастау алған болатын.

87 0

Бұл шараның қыр-сыры мынадай: 10 келіден аса салмақтан арылған адам әр келісі үшін 3 грам алтынға ие болады. Бұл жолы бес аптаның ішінде 22 келі салмақтан арылған ер адам жеңімпаз атанды. Тағы жеті адамның осы шара барысында шамамен 20 келі салмақтан арылғанын айта кету керек.

Жүлделі орыннан көрінгіңіз келсе, кем дегенде 2 келіден аса салмақтан арылуыңыз керек. Аталмыш шараға қатысып, бағын сынағандардың арасында 575 адам 2 келіден аса салмақтан арылса, 1,795 мың адам 2 келіден 5 келіге дейін салмақтан арылып, салауатты өмір салтына бір табан жақындай түсті.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!