Филиппиндегі тайфун 100 адамның өмірін қиды

Фотография - Филиппиндегі тайфун 100 адамның өмірін қиды

Филиппиндегі «Хайянь» тайфуны салдарынан кемінде 100 адам құрбан болған. Бұл туралы үкімет өкілі хабарлаған.

230 0

Филиппиндегі «Хайянь» тайфуны салдарынан кемінде 100 адам құрбан болған. Бұл туралы үкімет өкілі хабарлаған.

Филиппин азаматтық авиация басқармасы бастығының орынбасары Джон Эндрюстің айтуынша, ұшқыштар әуеден Таклобан портты қаласының көшелерінде мерт болған адамдардың денелерін көргенін хабарлаған. Табиғи апат болған аймақта электр және байланыс желілері үзілгендіктен кейбір елді мекнедерден ақпарат алу мүмкін болмай отырғаны айтылады.

Жұма күні Филиппинге сағатына 300 километрден астам жылдамдықпен жеткен «Хайянь» тайфунын мамандар әлемдегі ең сұрапыл дауылға теңеп отыр. Тайфун күшінен теңіз жағалауына жақын маңда биіктігі бес метрлік толқындар пайда болған. Дауыл кейбір жерлерде үйлердің шатырын жұлып әкетіп, жолдарды көшкін басып қалған.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!