«Әл-Қаида» Сириядағы бөлімі таратылғанын мәлімдеді

Фотография - «Әл-Қаида» Сириядағы бөлімі таратылғанын мәлімдеді

«Әл-Қаида» террорлық ұйымының басшысы Айман әл-Зауахири Сириядағы «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» тобын таратылғанын мәлімдеді.

243 0

«Әл-Қаида» террорлық ұйымының басшысы Айман әл-Зауахири Сириядағы «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» тобын таратылғанын мәлімдеді.

Жұма күні «Әл-Жазира» телеарнасы жариялаған әл-Зауахиридің аудиотаспаға жазылған үндеуінде, Сириядағы билікке қарсы «Әл-Нусра майданы» қарулы тобы «Әл-Қаиданың» сол елдегі «бірден бір бөлімі» екенін айтқан.

Бұған дейін маусым айында «Әл-Жазира» телеарнасы әл-Зауахирадың хаты туралы хабарлаған еді. Онда хат авторы «Әл-Қаиданың» Ирактағы жетекшісі Әбу Бакр әл-Бағдади ұйым басшылығының келісімін алмай «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» тобын құрып, қателік жасағаны» туралы жазған.

«Әл-Қаида» ұйымы мен оның түрлі бөлімдері бірнеше елде әрекет етеді. Бұл ұйым көптеген елдерде ірі террорлық шабуылдар жасаған.

Ұйымның бұрынғы жетекшісі Усама бин Ладен 2011 жылы мамыр айында Пәкістанда АҚШ әскери күштерінің арнайы операциясы барысында өлтірілген. Сол жылдың маусым айынан бері «Әл-Қаиданы» Айман әл-Зауахири басқарады.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!