Бір жылда құтқарушыларды 226 рет шақырған әйел

Фотография - Бір жылда құтқарушыларды 226 рет шақырған әйел

Вашингтон тұрғыны Марта Ригсби бір жылдың ішінде құтқару қызметіне 226 рет хабарласқан

150 0

Вашингтон тұрғыны Марта Ригсби бір жылдың ішінде құтқару қызметіне 226 рет хабарласқан.

Ал, 1977 жылдан бері егде тартқан әйел құтқарушыларды көмекке бірнеше мың рет шақырған екен. Оның жартысында Мартаны ауруханаға жеткізген.

Құтқару қызметі өкілдерінің айтуынша, әйелдің шақыртуларының айтарлықтай маңызды себептері болмаған. Алайда, шақыртудан бас тартуға құқықтары болмағандықтан құтқарушылар М.Ригсбиге амалсыз барып отырыпты - деп хабарлады baq.kz

Қаладағы жүйке жүйесі аурулары департаменті бүгінде 58 жастағы әйелдің үстінен сотқа арыз түсірді. Олар Ригсбидің ақыл-есі дұрыс емес деп, оған күтуші бекітіп беруін сұраған болатын. Дегенмен, сотта Марта Ригсби жеңіп шықты. Жеңгеніне қарамастан ол құтқару қызметіне 61 мың доллар төлеуі тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!