Филиппиндегі дауылдан көз жұмғандар саны он мыңнан асып кетті

Фотография - Филиппиндегі дауылдан көз жұмғандар саны он мыңнан асып кетті

Филиппин аралдарында бірнеше күннен бері соққан "Хайян" дауылынан келген шығынды мамандар санап бітер емес. Аймақта жүрген БҰҰ өкілдері елге халықаралық көмек керек дегенді айтып отыр

205 0

Филиппин аралдарында бірнеше күннен бері соққан "Хайян" дауылынан келген шығынды мамандар санап бітер емес. Аймақта жүрген БҰҰ өкілдері елге халықаралық көмек керек дегенді айтып отыр.

Бір ғана Таклобан қаласында табиғи апаттан он мың адам қайтыс болған. Байланыс мүлдем үзілген елдімекендердегі құрбандардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді БҰҰ мамандары - деп хабарлады  baq.kz

Қазірдің өзінде АҚШ Филиппин аралдарына құтқару отряды бар ұшақ жіберді. Ал, Ресей болса дәрігерлер мен құтқарушыларын және психологтарын жуық арада аттандырғалы отыр.

Би-би-си тілшілерінің айтуынша, жапа шеккендерге көмек қолын созу жолдардың бұзылуынан қиындап отыр.

Тропикалық "Хайян" дауылын ғалымдар бұрын-соңды болмаған табиғи апаттардың біріне балап отыр. Ол өз жолындағы көптеген елдімекендерді жермен-жексен етті. Қазіргі таңда аталған дауыл Вьетнам мен Қытайдың оңтүстігіне келіп жетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!