Иран мен Ұлыбритания елшілік қатынасты жандандырды

Фотография - Иран мен Ұлыбритания елшілік қатынасты жандандырды

Ұлыбритания мен Иран бір-біріне елші міндетін уақытша атқаратын дипломат тағайындап, қарым-қатынасын қалпына келтіре бастады

213 0

Ұлыбритания мен Иран бір-біріне елші міндетін уақытша атқаратын дипломат тағайындап, қарым-қатынасын қалпына келтіре бастады. Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, министрліктің Иран істері бойынша департаментінің басшысы Аджай Шарма осы елдің Ирандағы елші қызметін уақытша атқарушысы болып тағайындалған.

Ал Иранның Mehr ақпарат агенттігі Тегеран Мухаммад Хасан Хабиболланы Ұлыбританиядағы елші қызметін уақытша атқарушы етіп бекіткенін хабарлады.

Қос дипломат Тегеран мен Лондонда үнемі болмайды, тек тұрақты түрде сапармен барып тұрады.

Лондон мен Тегеранның дипломаттарды тағайындауы Хассан Роухани президент болып сайланғаннан кейін Иран мен Батыс елдері қарым-қатынасының жандана бастағанын білдіреді - деп хабарлады azattyq.org

Ұлыбритания Ирандағы елшілігін 2011 жылдың қарашасында жапқан еді. Елшіліктің жабылуына Ұлыбританияның Иранға санкция салғанына наразылық танытқан студенттердің Тегерандағы ағылшын елшілігіне тиесілі ғимаратқа басып кірмек болғандығы себеп болған. Елшіліктің жабылуына жауап ретінде Иран Ұлыбританиядағы дипломаттарын кері шақырып алған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!