12 саусақты үнділік жігіт жұмыс таппай жүр

Фотография - 12 саусақты үнділік жігіт жұмыс таппай жүр

Үндістан азаматы Виджей Сингх ерекше қабілеттерге ие. Оның он екі саусағы бар

197 0

Үндістан азаматы Виджей Сингх ерекше қабілеттерге ие. Оның он екі саусағы бар. Бұл жайында Day.Az хабарлайды. 

Ақпарат көзінің жазуынша, өзгелерден екі саусағы артық болып дүниеге келген Сингх компьютер пернетақтасы арқылы минутына 100 сөз тере алады. Алайда, осы күнге дейін өз отанында стенографист ретінде жұмысқа орналасудың реті еш келмей жүр екен. Оның өтінішін 50-ге жуық компания кері қайтарған.

Сингхтың айтуынша, жұмыс берушілердің барлығы сұлу қыз-келіншектерді, әсем қыздарды қызметке алуды қалайды, ал, өзі секілді кәсіби мамандар сыртқы бейнесіндегі ауытқушылықтың кесірінен текке жүруге мәжбүр.

Айта кетейік, Үндістаннан жұмыс таппаған ол ендігіде Британияда бағын сынап көрмекші. Әрине, өз түйіндемесінде артық саусақтары бар екендігін де көрсететін болады. Тек, мұны бағалайтын кадр бөлімі басшылығы табылса, қанекей.

Сондықтан да, батыстық бәсекелестері қағып кетпей тұрғанда, Қазақстан компанияларына «әлі де басы байланбай тұрғанда қамданып қалыңыздар» дегіміз келеді. Азар болса, қазақы дүниетанымға салып, Виджейін «Артық» деп өзгерте салармыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!